Шымкент қаласы Халықтар достығы университетінің мамандары мектеп бітіруші түлектермен кездесті
Шымкент қаласы Халықтар достығы университетінің мамандары мектеп бітіруші түлектермен кездесті
2025 жылдың сәуір айының 21 күні Шымкент қаласы Халықтар достығы университетінің профессор-оқытушылар құрамы Ж.Баласағұн атындағы №6 жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында университет өкілдері жоғары оқу орнының тарихы, білім беру бағдарламалары, мамандық түрлері және студенттерге жасалатын әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Үгіт-насихат жұмысының негізгі мақсаты — мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға көмектесу және Халықтар достығы университетінің мүмкіндіктерімен таныстыру болды. Мамандар оқу орнының материалдық-техникалық базасы, халықаралық серіктестіктері мен академиялық ұтқырлық бағдарламалары жөнінде айтып, түлектердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Оқушылар кездесу барысында университетке қызығушылық танытып, болашақта осы оқу орнында білім алуға ниетті екендерін білдірді.
https://www.facebook.com/100040617271388/videos/1387117212317632