21.04.2025
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР ЖӘНЕ СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР!

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ж.Баласағұн атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебі 2024–2025 оқу жылының соңында өтетін “Соңғы қоңырау”, қорытынды аттестаттау және өзге де мектепішілік іс-шараларға байланысты төмендегі талаптар мен ережелерді назарларыңызға ұсынамыз:
ЕРЕЖЕ:
Сыйлық немесе ақшалай алғыс айту тек ризашылық сөздермен және алғыс хаттармен шектелуі тиіс.
Іс-шара кезінде оқушылардың рұқсатсыз мектептен шығуына қатаң тыйым салынады.
Сынып жетекшілері әр оқушының қатысуын тізім бойынша бақылап, ата-аналармен байланыста болады.
Іс-шара барысында артық дыбысты музыка, фейерверк, хлопушка, дрон қолдануға болмайды.
Ұялы телефондарды мақсатсыз қолдану, әсіресе видео түсіру немесе әлеуметтік желіге жүктеу, шектеулі болады.
Мектепке шақырылған қонақтар немесе ардагерлер болса, әдеп пен құрмет сақтау – міндетті талап.
Барлық ата-аналар мектеп әкімшілігі бекіткен уақыт пен сценарийге сәйкес әрекет етуі тиіс.
Сыйластық пен тәртіпке сай емес әрекеттер (дауыс көтеру, рұқсатсыз сөйлеу, өз бетінше шешім қабылдау) – жол берілмейді.
Жекелеген оқушыларды бөліп-жаруға, материалдық жағдайға байланысты кемсітуге жол берілмейді.
Ата-аналар тарапынан ұйымдастырылатын кез келген әрекет (фото/видео, киім, декор, т.б.) алдымен мектеп әкімшілігімен келісуі тиіс.
ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
4 және 9-сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне орай ақша жинау;
Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыру;
Мұғалімдерге немесе мектеп әкімшілігіне сыйлық беру;
Мектеп ішіндегі жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинау;
Мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, саябақтар мен автокөлік шерулерін ұйымдастыру;
Сынып ішінде дастарқан жаю немесе ата-аналардан қосымша ақша талап ету;
Оқушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін жеке бастама шараларын өткізу;
Мектеп ғимараты мен мүлкін пайдалануда рұқсатсыз әрекет жасау;
Әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарату;
Мектептің ішкі тәртібін бұзатын әрекеттерге итермелеу.
ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:
“Соңғы қоңырау” шарасына тек оқушының бір заңды өкілі ғана қатыса алады;
Барлық оқушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады;
Сынып жетекшілері іс-шара барысын үйлестіріп, тәртіп пен жауапкершілікті қадағалайды;
Қатысушылар мектеп формасын немесе салтанатты киім киюі тиіс;
Іс-шара кезінде оқушыларға қауіпсіздік техникасы мен тәртіп сақтау талаптары түсіндіріледі;
Педагогикалық әдепті сақтау – әрбір ата-ана мен мұғалімнің міндеті;
Іс-шаралар тек мектеп аумағында және бекітілген тәртіп бойынша өткізіледі;
Барлық қатысушыларға тең мүмкіндік қарастырылады – әділеттілік пен ашықтық қағидаты басты назарда;
Ата-аналар мен ұстаздар арасында ынтымақтастық пен түсіністік сақталуы тиіс;
Шара барысында фото/видео түсіру мектеп әкімшілігінің рұқсатымен ғана жүзеге асады.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
Біздің басты мақсатымыз – оқушылар үшін қауіпсіз, тәрбиелік мәні бар, мазмұнды және есте қаларлық мектеп өмірін қамтамасыз ету.
Осы талаптарды бірлесе орындау арқылы біз өзара сенім мен сыйластыққа негізделген, жағымды орта қалыптастырамыз.
Ізгі ниетпен
Ж.Баласағұн атындағы №6 ЖОББМ директоры
Омарова Гулнара Сембаевна
Кез-келген сұраққа жауап беруге дайынбыз!
УВАЖАЕМЫЕ РОДИТЕЛИ, УЧЕНИКИ И КЛАССНЫЕ
Город Шымкент входит в состав управления образования. Баласагунская средняя школа No6 пройдет в конце 2024-2025 учебного года, представляем вашему вниманию следующие требования и правила, касающиеся аттестации результатов и других видов деятельности школы:
ПРАВИЛА:
Подарок или денежная благодарность должны ограничиваться словами благодарности и благодарственными письмами.
Во время мероприятия учащимся строго запрещено покидать школу без разрешения.
Классные руководители следят за посещаемостью каждого учащегося в списке и поддерживают связь с родителями.
Во время мероприятия не допускается громкая музыка, фейерверк, колокола, дроны.
Использование мобильных телефонов без цели, особенно запись видео или загрузка в соцсети, будет ограничено.
Если в школу приглашают гостей или ветеранов, то манеры и уважение являются обязательным требованием.
Все родители должны действовать по времени и сценарию, установленным администрацией школы.
Не допускаются действия, не соответствующие уважению и дисциплине (повышение голоса, речь без разрешения, принятие решений).
Не допускается делить отдельных студентов и дискриминировать по финансовым обстоятельствам.
Любое мероприятие, организованное родителями (фото/видео, одежда, декор и т.д. Б. ) В первую очередь он должен согласиться с администрацией школы.
СТРОГО ЗАПРЕЩЕНО:
Сбор денег на школьные нужды от учеников 4 и 9 классов;
Вызов аниматоров, художников, агентств и студий;
Вручение подарков учителям или администрации школы;
Сбор средств на ремонт или уборку внутри школы;
Организация ресторанов, развлекательных центров, парков и автопарадов;
Столы для ходов в классе или запроса дополнительных денег у родителей;
Проведение индивидуальных инициатив, которые ставят под угрозу безопасность студентов;
Несанкционированная акция при использовании школьных зданий и имущества;
Распространение ложной информации в социальных сетях;
Поощряющие действия, которые нарушают внутренний порядок школы.
ТРЕБОВАНИЯ, КОТОРЫЕ НУЖНО ВЫПОЛНЯТЬ СТРОГО:
В мероприятии «Последний звонок» может принять участие только один законный представитель студента;
Правила безопасности будут введены всем учащимся заранее;
Классные руководители согласовывают процесс мероприятия и следят за дисциплиной и ответственностью;
Участникам необходимо носить школьную форму или официальную одежду;
В ходе мероприятия студентам будут разъяснены требования к технике безопасности и дисциплине;
Сохранение педагогической этики — долг каждого родителя и учителя;
Мероприятия будут проходить только на территории школы и в фиксированном порядке;
Для всех участников будут учтены равные возможности — принцип справедливости и прозрачности является главным направлением;
Между родителями и учителями следует поддерживать сотрудничество и взаимопонимание;
В рамках мероприятия фото/видеосъемка будет проводиться только с разрешения администрации школы.
УВАЖАЕМЫЕ РОДИТЕЛИ!
Наша основная цель — обеспечить нашим ученикам безопасную, образовательную, содержательную и запоминающуюся школьную жизнь.
Совместно выполняя эти требования, мы создадим позитивную среду на основе взаимного доверия и уважения.
С добрыми намерениями,
Ж. Директор Баласагунской средней школы №6
Омарова Гульнара Сембаевна
Мы готовы ответить на любые вопросы!
16.04.2025
Құрметті ата-аналар!
Сіздердің балаларыңызды 2025-2026 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз!
Біздің мектеп – сапалы білім мен жарқын болашақтың бастауы. Тәжірибелі мұғалімдер, заманауи оқу құралдары және баланың жан-жақты дамуына жағдай жасалған орта сіздерді күтеді.
Құжаттарды қабылдау: 1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін
Мекен-жайымыз: Сурикова көшесі 2Б
Байланыс нөмірі: +7(7252) 954756
Келешек білім ордасында кездескенше!
12.04.2025
Ата-аналарға арналған жадынама