«Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі түлектермен кездесті!»

Шымкент қаласындағы Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің өкілдері Ж.Баласағұн атындағы №6 жалпы орта білім беру мектебінің 9,11-сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, кәсіби бағдар беру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға колледждің мамандықтары, оқу үдерісі, өндірістік тәжірибе мүмкіндіктері және студенттерге ұсынылатын әлеуметтік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шара оқушылардың қызығушылығын тудырып, көптеген түлектер колледжде білім алуға ниет білдірді.
Болашағыңды дұрыс таңда – Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжімен бірге!
https://www.facebook.com/100040617271388/videos/661047893570452