*2024–2025 оқу жылының аяқталуына орай жалпы ата-аналар жиналысы мен Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді*
2025 жылдың 20 мамыр айында мектебімізде оқу жылының қорытындысына арналған *жалпы ата-аналар жиналысы* және *Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы* өтті.
Жиналыстың мақсаты:
– оқу жылының қорытындысын шығару;
– оқушылар жетістіктерін саралау;
– жазғы демалыс кезіндегі оқушылар қауіпсіздігі мен бос уақытты тиімді ұйымдастыру мәселелерін талқылау.
Қаралған негізгі мәселелер:
— 2024–2025 оқу жылындағы білім сапасының нәтижелері
— ҰБТ, жылдық қорытынды бағалар, олимпиада, байқауларлардың жүргізілу барысы
— Оқушылардың жазғы демалысы, еңбекке баулу және лагерьге жіберу
— Ата-анамен кері байланыс, тәртіп, мектеппен бірлескен іс-шаралар
Қамқоршылық кеңесінде:
— Әлеуметтік қолдауға мұқтаж оқушыларға көмек көрсету
— Мектеп материалдық базасын жақсарту ұсыныстары
— Жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды
Жиналыста ата-аналар тарапынан оң пікірлер айтылып, келесі оқу жылына нақты ұсыныстар берілді. Жиын жоғары деңгейде өтті.