«Психологиялық қолдау орталығы» мамандарының ұйымдастыруымен жасөспірімдерге және ата- аналарға психологиялық қолдау көрсету мақсатында өткізілген «АШЫҚ ЕСІК»
Ж.Баласағұн атындағы № 6 жалпы орта білім беретін мектебінде «Психологиялық қолдау орталығы» мамандарының ұйымдастыруымен жасөспірімдерге және ата- аналарға психологиялық қолдау көрсету мақсатында өткізілген «АШЫҚ ЕСІК» күнінің
ЕСЕБІ
Қатысқан ата-аналар саны: 15
Атқарылған іс-шаралар :
Шымкент қаласы Ж. Баласағұн атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебінде 17.04.2025жылы «Психологиялық қолдау орталығы» әдіскер маманы Имашова Гүлнара Тұтқабаевна және мектеп педагог психологтары: Азизова Дильноза және Тилеубаева Роза бірлесе отырып ата-анаға, оқушыларға психологиялық қолдау орталығы туралы ақпараттандыру жұмысы жүргізді.
«Психологиялық қолдау орталығының» мақсаты мен миссиясы таныстырылып, ата-аналарға психологиялық қызметтің тиімділігін және оның оқу процесіндегі маңыздылығы мен көмек көрсету мүмкіндіктері түсіндірілді. Іс-шара барысында ата- аналарға психологиялық бағыт-бағдарлар, кеңестер ұсынылып , ата- аналарға бала психологиясына қатысты жадынамалар тарқатылды.
Мақсатты топ: 8а сынып оқушылар
Қатысқаны: 25 оқушы
8а сынып оқушыларымен психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында «Позитивті ой шеңбері» жаттығуы жүргізілді.
Мақсаты: Оқушыларды позитивті ойлауға баулу және олардың көңіл-күйін көтеру.
Жаттығудың барысы: Оқушыларға плакат және маркер таратылды. Берілген плакатқа үлкен әріптермен «Біз» атты әріптер бейнесін жасап шықты. Оқушылар өз ойларын плакатқа салып, өз ойларын сурет бетіне түсірді. Көңіл күйлері көтеріліп жағымды кері байланыс пен қорытындылады.
Жақсы ой ойлаңыздар!
Жақсы көңіл-күйде болыңыздар!
Бақытқа жеткізер жол-осы!
«Баланың көзімен қара» тақырыбында ата- аналармен психологиялық тренинг- жаттығу жүргізілді.
Мақсаты:
— Ата-аналарға «Сіз өз балаңыздың орнында болсаңыз, өзіңізге не айтар едіңіз?» деген сұрақ қойылады.
— Жауаптарын параққа жазып, еркін түрде бөлісу ұсынылды. Іс-шара
— Барысында
— Сенім телефондары туралы ақпараттандырылды.