«Дені сау жас — ел болашағы» дене белсенділігін насихаттау мақсатында 6-сынып оқушылары арасында дене шынықтыру пәні мұғалімдері спорттық эстафета өткізді.
Ж.Баласағұн атындағы #6 жалпы орта білім беру мектебінде 16.05.2025 ж. » Дені сау жас- ел болашағы» дене белсенділігін насихаттау мақсатында 6-сынып оқушылары арасында дене шынықтыру пәні мұғалімдері спорттық эстафета өткізді, іс-шараның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында жүзеге асыру барысында жүргізілді. Эстафетада берілген тапсырмаларды өз деңгейінде көрсете білді. Ойын өте қызықты өтті. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері Алиев Алимжан Аскарович және Кенжебеков Еркебұлан Мухтарович эстафета ойындарын жоғарғы деңгейде жүргізді. Ойын соңында окушыларга марапаттар тапсырылып,ұстаздар жақсы тілек білдіріп,ары қарай естелікке суреттерге ұласты.