13.05.2025
Ж.Баласағұн атындағы №6 жалпы білім беру мектебінде « Ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында» ата-аналармен кездесу өткізілді.
Мақсаты:
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген қанатты сөзді жадында ұстаған қазақ халқы бала тәрбиесіне, отбасының бірлігіне, татулығына ерекше мән берген. Сан ғасырлар бойы адамгершілікке негізделіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан құны жоғары құндылықтар бүгінгі бала тәрбиесіндегі, әсіресе отбасындағы бағдаршам сияқты.
Міндеті:
Бүгінде отбасыдағы ана мен әкенің рөліне ерекше мән беретін, педагогикалық және құқықтық сауатты болуға шақыру мақсатында, ата-аналармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында түрлі әлеуметтік мәселелер бойынша қоғамдық қабылдаулар мен семинар-тренингтер өткізіліп, ата-аналарға кеңес берілуді. Бақытты және мерейлі отбасылардың қатарын арттыруға жұмыс жасайтын, отбасылық ізгі қарым–қатынастарды нығайту басты мақсаты болып табылады.
Ата тәлімі мен әже өнегесі, әке қаталдығы мен ана мейірімі баланың рухани кемел болуына септігін тигізеді. Көпшілігіміз байқайтын дүние – ата-әжесінің тәрбиесін көрген баланың қоғамда орны бөлек. Әжесінің әңгімесіне қанып өскен баланың сана-сезімі мен ойлау қабілеті терең, түсінігі мол болады деп бағамдауға болады.